«Қалаулымды» қалайтындар шынымен көп пе?

28 наурыз, 17:17

Фото: автор

Nege.kz редакциясына «Қалаулым» бағдарламасына қатысты оқырманнан хат келді. Бейтараптылықтықты негіз етіп, хатты жариялауды жөн санадық.

«Соңғы кезде әлеуметтік желілерде «Qalayym» бағдарламасына қатысты қарсылық көп. Бағдарлама жастардың арасында үлкен танымалдылыққа ие. Оны жоғары рейтингтер дәлелдеп отыр. Демек, жастар өз таңдауын жасап, телевизиялық өнімді жаппай көреді. Алайда бұл бағдарламаны жастардан бөлек, үлкен кісілер де көретінін байқаймыз. Осы тұста бір әжейдің пікірімен бөліскім келеді: «Біз шалым екеуміз де «Qalayym Live-ты» бірге отырып көреміз. Айтқан пікірлері жастарға жарасып-ақ тұр. Әрине, артық сөз бен мінез де бар. Бірақ, оларды жүргізуші де, өздері де жөнге салып отырады. Бәріне, әсіресе, жүргізуші Диана Скатова қызымызға мың рақмет. Қызымыз да, келініміз де осы Дианадай болса деп тілейміз». 

«Әлем күн сайын өзгеріп жатқан заманда қазақ телевизиясында бұрын-соңды болмаған мұндай бағдарламаға да таңғалудың қажеті жоқ. Телевизия хабарларына да жаңаша көзқарас қалыптасуда. Бағдарламада ұлттық намысқа тиетін, жастарға теріс тәрбие беретін ештеңе де жоқ. Ашық пікір алаңы болғандықтан, дұрысты дұрыс, дұрыс еместі дұрыс емес деп, тікелей эфир барысында ақ-қарасы ажыратылып отырады. Неліктен біз қоғамда болып жатқан құбылыстар үшін «ұялмай», сол қоғамдағы шынайы өмірдің бір көрінісі «Қалаулым» үшін ұяламыз? Мұны жалған намыс деп білемін. Әркім өз таңдауын жасай алады. Қазақстандық телекөрермен де теледидардың пультін басып, таңдау жасап келеді. Мұны жалғыз менің ғана емес, «Қалаулымды» таңдаған және қатары барған сайын өсіп отырған миллионнан астам көрермен қауымның талабы ретінде қабылдауды сұраймыз».

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации