Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

22 наурыз, 09:40

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

 Алматы, NEGE. Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 09.00 сағ. жағдай белгілі болды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам,  Қарағанды қаласында -  2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации