Ислам Әбішевті 5 жылға соттады

19 ақпан, 08:23

Фото: dalanews.kz

Нұр-Сұлтан қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ Күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевке қатысты сот үкім шығарды.

– Әбішев 5 жылға, Түкиевті 4 жылға бас бостандығынан айырылды, олардың белгілі бір лауазымдарды атқаруына тыйым салынды, – деп хабарлады, қалалық соттың баспасөз қызметі.

Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев пен Серік Түкиев 60 миллион теңгеден астам параны бопсалау жолымен алды деген күдікке ілінген еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации