Интернеттегі есірткі саудасына тосқауыл

14 наурыз, 13:28

Фото: facebook.com

Солтүстік Қазақстанда интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатумен айланысқан 28 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Полицейлер оны Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде қолға түсірген. Тәртіп сақшылары сезікті мінген көлікпен оның пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 500 грамнан асатын спайс есірткісін тәркіледі. Және оның масайған күйде болғандығы анықталды.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Фигурант осыған дейін ұқсас қылмыс үшін сотты болған. Қазір қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді қалалық полиция басқармасының жәдел уәкілі Темірхан Есжанов.

Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткі саудасына қатысты 37 қылмыстық іс қозғалды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации