Инфекциялық аурухананың бас дәрігері қайтыс болды

11 шілде, 09:19

Фото: diapazon.kz

Ақтөбе қаласындағы инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров дүние салды. Ол пневмониядан көз жұмған.

Алматы, NEGE. Бас дәрігер соңғы бірнеше күн ішінде өзі басшылық ететін ауруханада ем алған. Бұл туралы Диапазон газеті хабарлады.

– Ол пневмониямен ауырды, коронавирус расталған жоқ. Қалихан Есбосынов 10 шілде күні түс қайта өмірден өтті. Сену қиын. Күллі аурухана оның тілеуін тілеген еді. Соңғы екі күнде оның беті бері қарағандай көрінген. Қымыз сұрағанда, ол жазылып кетеді деп ойладық. Алайда сағат 16 шамасында оның демі үзілді. Қалихан Қозбағаров тірі болғанда, қазан айында 60 жасқа толар еді. Ол тамаша дәрігер, әділ басшы, жақсы адам болатын. Өз ісіне ұқыпты еді. Бөлім-бөлімді аралап, коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандарды күніне екі мәрте қарап шығатын. Әр науқас үшін алаңдайтын. Алайда ол сырқатты жеңе алмады, – деп еске алды, марқұмның әріптестері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации