Індетті анықтайтын жетінші зертхана іске қосылады

23 мамыр, 19:43

Фото: inform.kz

Алматы облысында коронавирусты анықтайтын жетінші зертхана іске қосылады. Талдықорғанда бой көтерген нысанның жұмысымен Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов танысты.

Алматы, NEGE. Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен бірге делегация құрамында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов та болып, вице-премьер Талдықорғандағы құрылысы аяқталған орталықтандырылған медициналық зертханаға барды. Ералы Тоғжановтың Жетісу өңіріне жасаған сапары негізінен коронавирус індетімен күрес шараларымен танысып, білу мақсатына бағытталды. Вице-премьер облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановпен бірге зертхана ғимаратын аралап көрді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации