Індет жұқтырғандар саны 464-ке жетті

04 сәуір, 01:35

Фото: ғаламтордан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 464 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Бұған дейін тек Қостанай облысы ғана індеттен аман еді. Өкінішке қарай, Қостанай облысында да бір адам тіркелді.

Әзірге ең көп науқас Нұр-Сұлтанда – 202 адам. Одан кейінгі орында Алматы тұр – 93 адам.

Күні бүгінге дейін коронавирустан 29 адам емделіп шықты. 3 науқас көз жұмды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации