Індет жұқтырғандар 386-ға жетті

02 сәуір, 01:59

Фото: Reuters

Кеше түндегі дерек бойынша, Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 386-ға жетті.

Алматы, NEGE. Соңғы тіркелген алты адамның төртеуі Алматы қаласынан, екеуі Жамбыл облысынан анықталды. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы – 184, Алматы қаласы – 90, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 19, Ақтөбе облысы – 4, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 16, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 15, Қызылорда облысы – 25, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 5, Түркістан облысы – 5.

Жазылып шыққандар саны – 26, көз жұмғандар – 3 адам.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации