«Гарант-24 Ломбард» компаниясын жарнамалаған «Найманды» жұрт сынға алды

23 ақпан, 11:30

Фото: garant24_lombard_almaty

Әлеуметтік желі қолданушылары аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтан «Гарант-24 Ломбардының»  жарнамасына түскені үшін түсініктеме беруді талап етті.

Алматы, NEGE. Халық спортшының Instagram желісіндегі парақшасында өз шағымдарын білдіріп жатыр. 

«Гарант-24 Ломбардын» ұсынған жарнамаызды неге өшіріп тастадыңыз? Адамдарды алдап, лақтырып кеткен соң солай істеп отырсыз ба? Халық сізге сенгендіктен, ақшаларын ойланбай салды», - деп пікір қалдырды zariinaa94 аккауынтындағы желі қолданушысы.

Қуат Хамиттің суреттерінің астына пікір қалдырғандардың көпшілігі оны сынға алып, осы жағдайға қатысты пікір білдіруін талап етіп жатыр.

«Қуат қазаққа кім тиіссе, сол дұшпаным деп айтып едіңіз, Сіз жарнама жасаған «Гарант 24 Ломбард» Қазақстаның 14 облысынан өз филиалдарын ашып, жұмыс істеді. Қазақтың бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары «шынайы компания, ақшаларыңызды осы жерге депозитке салыңыздар деп жарнама жасадыңыздар.Сіздердің сол «Гарант 24 Ломбардқа» машина, ақшаларыңызды салғандарыңызды көрген халық та өз ақшаларын, көліктерін, пəтерлерін салды. Ал олар халықтың ақшасын жинап алды да, өздері қашып кетті. Алданып, зар жылап халық қалды. Енді, Қазақстанның алданған мыңдаған халқының ақшасын кім қайтарады? Қазақты алдаған осы компанияның басшыларын тауып, ақшасын қайтаруына, жарнама жасаған блогерлер, əншілер, спортшылар көмектесіңіздер! Сіздердің жарнамаларыңызға халық сенді. Ақшаларын депозитке салды. Барынан айырлған қарапайым халыққа ел болып, үкімет болып көмектессіңіздер!», - деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Спортшыны қолдап жатқандар да жоқ емес. Оған адамдардың өздері саналы түрде барғанын, оларды ешкім күштемегенін де айтып жатыр.

Халықты алдаған аталмыш компанияны еліміздің белгілі жұлдыздары, блогерлері жарнамалаған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации