FlyArystan 900 мың билет сатты

19 ақпан, 07:15

Фото: zakon.kz

Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Іс-шара аясында вице-министр Берік Камалиев жолаушылар тасымалы саласы туралы айтты. 

Алматы, NEGE. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8 миллионнан астам жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 18 миллионға жуық адам болды. Елімізде 16 ұшып-қону жолағы және 13 әуежай терминалы қайта жөндеуден өтті. Ішкі рейстердің билет құны 12 пайызға арзандады. Бағаны арзандату және бәсекелестікті арттыру мақсатында отандық FlyArystan лоукостері жұмыс істей бастады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша компания 900 мыңға жуық билет сатқан. Оның 50 пайызға жуығы – 10 мың теңгеден арзан билеттер, – деді вице-министр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации