«ESTATE Ломбардтың» Шымкенттегі директоры қамауға алынды news video

26 ақпан, 17:25

 Шымкент қаласында салымшылары алданып қалған «ESTATE Ломбард» ЖШС директоры ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Гарант 24» директорын қолға түсіру үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Департаменттің мәліметінше, қаржы ұйымына алданған салымшылар полицияға жаппай арыз түсірген. Қазіргі таңда «ESTATE Ломбард» пен «Гарант 24» ЖШС-теріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«ESTATE Ломбард» ЖШС мен «Гарант 24» ЖШС-не қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3- бөлігімен іс қозғалған. Жедел іздестіру шаралары барысында ломбард директоры ұсталған. Қазіргі таңда «Гарант 24» ЖШС директорын ұстауға қатысты қажетті шаралар жүргізілуде» делінген хабарламада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации