Есірткі саудалаған тараздық 13 жылға сотталды

18 ақпан, 18:50

Фото: Instagram

«Ақтөбе облысында есірткі сатқаны үшін Тараз қаласының тұрғыны 13 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 тармақ 3 бабы бойынша (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) кінәлі деп танылды. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимді түзеу мекемесінде өтейтін болады», – деп мәлімдейді ҰҚК хабарында.

ҚР ҰҚК қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Б.Исмайлов атты азаматты есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың «гашиш» есірткісін ірі көлемде саудалау мақсатында Ақтөбе қаласына жеткізбек болғаны анықталды. Күдікті қолға түскен кезде одан қалтасынан 2,3 кг гашиш табылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации