Ешкім вирусты екінші рет жұқтырмады

31 шілде, 09:23

Фото: google.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта бізде коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда қайтадан тесттен өткен кезде коронавирус инфекциясы бойынша оң нәтиже көрсеткен жағдайлар бар. Біздің иммунологтардың айтуынша бұл – бастапқы кезеңде коронавирус жұқтырған пациенттің ағзасында қалып қойған вирус қалдығы. Яғни бұл – қалдық сипатындағы құбылыс. Олар тек тестте екінші рет көрініп тұрады. Оның үстіне аурудың ешқандай белгілері байқалмайды», – деді Алексей Цой.

Министр елде осыған ұқсас қандай да бір жағдай болып жатса, хабарлауды сұрады.

«Ондай жағдай болса, біз міндетті түрде тексереміз. Бірақ дәл қазіргі жағдайда ондай жағдай болған емес», – деді Алексей Цой.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации