Ертеңнен бастап Қордай ауданы аумағында карантин енгізіледі

05 сәуір, 11:38

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында ертеңнен бастап карантин режімі енгізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Коронавирус індетінің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қордай ауданы аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ден бастап карантин режімін енгізу туралы шешім қабылданды. Ол бойынша ерекше талаптары бар шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтер мен тұрғындар тіршілігіне бірқатар шектеулер қарастырылған.

Олардың арасында: Жол жүру уақыты сағат 10-00-ден 19-00-ге дейін шектелген транзиттік жүк көліктерін қоспағанда, көліктің барлық түрлерінің шекара арқылы өтуіне және азаматтардың жаяу өтуіне тыйым салынады. Бірқатар рұқсат етілген көліктерден басқа, автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың аудан аумағына (аумақтан) келуіне және шығуына тыйым салынады: Азық-түлік тауарларын тасымалдауды қоспағанда, елдімекендер арасында жүріп-тұруға тыйым салынады; Ауданның елдімекендері арасында және одан тыс жерлерде жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің қызметіне тыйым салынады. Келесі жағдайларды қоспағанда, аудан аумағында адамдардың және жеке көліктің жүріп-тұруына тыйым салынады: 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға тыйым салынады, олар үшін Қордай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және еріктілер ұйымдарының күшімен арнайы күтім шаралары ұйымдастырылады.

Азаматтарға жеке тазалық-қорғану құралдарын пайдалану ұсынылады. Туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға тыйым салынады. Отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық топтасып жүруге, сондай-ақ ересек адамдардың еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың көшеге шығуына жол берілмейді: Айта кетейік, бұлардан бөлек өзге де шектеулер қарастырылған. Оларды аудан тұрғындары ұстануға және барынша сақтауы тиістігі көрсетілген. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации