Тұрғымбаев: Полицейлер күзетшілердің жұмысын атқарып, қор болып жүр

24 ақпан, 17:07

Фото: Тұрар Қазанғап

Бұдан былай спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ішкі істер органдарының бөлімдерін жаппай тарту тоқтатылады. 

Астана, NEGE. Бұдан былай бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар жеке күзет құрылымдарының жұмыскерлерін және еріктілерді жұмылдыратын болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 

«Сот, прокуратура, салық органдары секілді мемлекеттік нысандарда 12 мың полицей тектен-тек күзетшілердің жұмысын атқарып,  қор болып жүр. Сол себепті бұл функция лицензиясы бар жеке күзет фирмаларына берілмек. Бүгінгі таңда полиция құрамы 11 пайызға қысқартылған. 1500-ге жуық басшылық лауазым таратылыпты. Жол-патрульдік полициясы патрульдік болып қайта ауыстырылған. Штатты оңтайландыру нәтижесінде 16 млрд.теңге үнемделген. Осылайша қызметкерлердің жалақысын арттырамыз», – дейді министр.

Министр бұдан кейін ішкі істер саласындағы мемлекеттік қызметкерлерді  тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін де қозғады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации