Еркектердің әйелдермен танысуы өте қауіпті болып барады

03 наурыз, 11:30

Фото: kazlenta.kz

Көкшетау қаласында үш әйел бір еркекті көк ала қойдай етіп сабап тастаған. Оқиға 1 наурыз күні таңғы алты шамасында бір кафеде болған.

Алматы. NEGE. polisia.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, әйелдер бір үстелдің басында көңіл көтерген. Көрші үстелде отырған ер адам әйелдермен таныспақ болып, жақындағанында арада жанжал шыққан. Кафе әкімшілігі жаға жыртысқандарды көшеге шығарған.

Бұзақылық туралы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Әйелдерге шақырғанда келуді міндеттеп, бостандыққа шығарған.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации