Енді ірі сауда нысандарына тек маскамен кіре аласыз

16 наурыз, 18:51

Фото: Sputnik

Ірі сауда нысандарына азаматтар маскамен ғана кіргізілетін болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. 

«Ірі сауда нысандары мынадай талаптарды сақтауы тиіс: өз аумақтарына келушілерді тек маскамен ғана жіберулері тиіс. Келушілерде маска болмаса тегін маска ұсынып, коронавирустың алдын алу бойынша жадынама таратулары қажет. Барлық кіріп-шығатын есіктерге тепловизорлар орнатулары керек», - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, ірі сауда нысандары, оның ішінде азық-түлік базарлары сағат 10-нан 18-ге дейін, азық-түлік емес тауарлар сататын базарлар сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации