Енді 60. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге артып барады

23 наурыз, 11:30

Фото: Nege.kz

Ең өкініштісі - вирус екі қаланың шеңберінде қалмай, жаңа аймақтарды жаулап алды. Нұр-Сұлтан мен Алматыға енді үш облыс қосылып отыр.

Ақтөбеге жеткен вирус, ары қарай батысқа дендеп, Атырау, Ақтау мен Оралға жайылуы мүмкін. Вирус жұқтырғаны белгілі болған 60сыншы азамат Ақтөбеге Мәскеуден ұшып келген. ҚазАқпарат тілшісі хабарлауынша, қазір бір рейспен келген 57 адам да оқшауланды.

«Коронавирус жұқтырған ақтөбелік 22 наурыз күні сағат 7:00-де Мәскеуден келген рейстен түсті. Қазір барлығы 68 адам жатыр ауруханада оқшауланды. Үй жағдайында 38 тұрғын бар. Олардың жағдайы да тұрақты. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс», - деді, ҚазАқпарат тілшісіне Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Әсет Қалиев Ақтөбеде карантин мәселесі де әлі көтерілмегенін айтты. Осылайша, қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысы, Қарағанды облысы мен Ақтөбе облыстарында тіркеліп отыр.

#Ақтөбе #карантин #коронавирус
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации