«Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі енгізіледі

26 ақпан, 13:10

Фото:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі іске қосылады.

Алматы, NEGE. ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылған.

«Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны және басқа да мәліметтер енгізілмек.

«Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации