Емделгеннен кейін вирус тыныс алу жолдарында 37 күнге дейін сақталуы мүмкін

16 наурыз, 11:55

Фото: ғаламтордан

Коронавирусқа шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Алматы, NEGE. Ал осы уақыт аралығында науқас дертті жұқтырушы болып қала бермек. Мұны Қытайдың Ухань мен Цзиньтань қаласындағы ауруларға жүргізген соңғы зерттеулер көрсетіп отыр.

«Ғалымдар COVID-19-ға тосқауыл қоюға осы бір жағдай да кедергі болуы ықтимал», - дейді.

Айта кетейік, қазір дертке шалдыққан адаммен байланысқа түскен тұлғаны 14 күнге карантинге жабу шарасы қарастырылған. Осы мерзім аралығында адамның вирусты жұқтырғаны белгі беруі тиіс.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации