Елорданы енді су басуы мүмкін

25 ақпан, 11:49

Фото: facebook.com

Нұр-Сұлтан қаласының қай мөлтекаудандарына су басу қаупі төніп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкіметтің баспасөз орталығында айтты.

Алматы, NEGE. «Әрине, биыл жауын-шашынның мөлшері жоғары болғанын барлығы байқаған болар. Қазгидромет мәліметінше, биыл нормадан екі есе көп жауған. Сол себепті іргелес көшелерден қарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілді. Жергілікті жерлерде су тасқынын біз айдың басында, температура көтерілгенде, жауын-шашын кезінде байқадық. Көшелердің жартысын су басты. Әкімдік алдын ала болжап отырған ақпарат бойынша, қауіпті жағдай негізінен өзеннің алқабында, өзен маңындағы қалаға шығар жолда орналасқан көпірден төмен саяжайлар жақ.

Ол жерлерде қауіптің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда су деңгейінің көтерілуі кәріз жүйесін еңсере алмай жатқан аймақтарда болуы мүмкін. Оған биыл іске асырылуы керек болған Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Тұран ауданы жатады. Яғни, бұл – су деңгейінің көтерілуі мүмкін аймақтар. Төтенше жағдай комитеті тарапынан тиісінше көмек көрсетілетін болады», – дейді ІІМ орынбасары Юрий Ильин. 

Сонымен қатар, Юрий Ильин төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары мен қажет заттар тізімін айтты. 

«Төтенше жағдай болған кезде, әрине, ең алдымен құжаттар мен уақытша эвакуация кезінде қажет заттарды алу керек. Үйдегі бағалы заттарын төтенше жағдай кезінде қолды болмауы үшін ІІМ министрлігінің қызметкерлері реттейді», – дейді Юрий Ильин. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации