Елордада қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін

27 наурыз, 16:34

Фото: facebook.com

Нұр-Сұлтанда карантин уақытында қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату ұсынылды. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустың алдын алу жөніндегі жедел штабқа карантин кезінде қоғамдық көлік қозғалысын толық тоқтату туралы ұсыныстар енгіздік», – деді Бекмырза Игенбердинов.

27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтандағы жолаушылар автобустың алдыңғы есігі арқылы кіре алмайды, ал жүргізушілер лента арқылы қоршауға алынады. Сонымен қатар, астаналық автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынды. Әкімдік мәліметінше, бүгінде қолма-қол төлемсіз жол ақысын беру - 98 пайыз. 

26 наурыздан бастап Нұр-Сұлтандағы автобустар кешкі сағат 19:00-ге дейін ғана жүре бастады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации