Елордада 6 адам емделіп шықты

05 сәуір, 20:59

Фото: Zhaikpress.kz

Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміз бойынша ресми ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, BAQ.KZ хабарлады.

Алматы, NEGE. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 42-ге жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 25 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.

Еліміз бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар - 551 адам, қайтыс болғандар 5 адам және жазылып шыққандар 42 адамға жетті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации