Елімізге Сауд Арабиясынан 33 отандасымыз жеткізілді

25 наурыз, 12:56

Фото: korganys_baspasoz

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ, Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 33 отандасымыз елге ұшақпен жеткізілген.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясы көмегінің арқасында Джидда - Ақтау бағыты бойынша Қазақстанның 33 азаматы аман-есен үйлеріне оралды», деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Шетелде болған бұл азаматтар Сауд Арабиясының билігі коронавирус қаупіне байланысты халықаралық қатынастарды тоқтатқаннан кейін, сол елден шыға алмаған. Қазір шамамен 100-ге жуық қазақстандық әлі сол елде. Олардың көпшілігі Сауд Арабиясында келісім-шартпен жұмыс істейді, 11 адам туристік сапармен барып, Мекке мен Медине қалаларында қалып қойған. Бірақ олар өз еріктерімен сол елде қалуды жөн санаған, делінген мәліметте.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации