Еліміздің үш аймағында күн күрт суытып, үсік жүретіндігі ескертілді

25 қыркүйек, 17:11

Фото: zakon.kz

Қазақстанның үш облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz. Еліміздің кейбір өңірінде қалың тұман түседі.

Алматы, NEGE. 26 қыркүйекте Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні, кей жерлерде 15-20 м / с құрайды. 26 қыркүйекте түнде бұл өңірдің кей аумағында 2 градус үсік жүруі мүмкін. Дауыл соғудың ықтималдығы 70-75% құрайды.

26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді-мекендерінде де тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың соғу ықтималдығы 90-95% құрайды.

Қостанай облысының кейбір аумағында тұман түседі. Түнде қатты суық болады, 3 градус үсік жүреді деп күтіледі. Дауылдың соғу ықтималдығы - 90-95%

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации