Еліміздің 7 өңірінде аптап ыстық болады

03 маусым, 12:28

Фото: ғаламтордан алынды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. 3-4 маусым күндері Атырау облысында ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін көтеріліп, күн 35-37 градусқа дейін ысиды.

Қызылорда облысында күн қатты ысып, ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін ыстық болатыны күтілуде. Ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылынған жоқ, сондықтан шомылуға әлі ерте.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации