Елімізде тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

31 наурыз, 09:44

Фото: ғаламтордан алынды

Қазақстанның 6 өңірінде тағы 17 адамнан коронавирус анықталды.

Алматы, NEGE. 31 наурыз 09:40-тағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматыда – 9, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 1, Ақтөбе облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде жаңа вирусты жұқтырғандар саны 325-ке жетті.

Нұр-Сұлтан қаласында – 175, Алматы қаласында – 82, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысы – 10, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 8, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 жағдай тіркелді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации