Елімізде мекемелер қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін

16 наурыз, 17:49

Фото: almaty.tv

Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұмыс істеу тәртібі және еңбекақы төлеу туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оның айтуынша, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті. «Жұмыс берушілер еңбек заңнамасын сақтауы тиіс. Бірінші, барлық мекемелер (мемлекеттік және жекеменшік, тағы басқа) қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабы бойынша қарастырылды. Жұмыс беруші тәртіпке сай, қызметкердің жалақысын толық беруі міндетті. Қашықтықтан жұмысқа көшкенде, еңбекақы төлеу тәіртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады.

Екінші, Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады. Егер қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші апталық жұмыс аптасын және сағатын қысқарта алады. Егер аптасына үш күн істесе жалақы да сол жұмыс  күндеріне төлеуі керек.  Ал мұндай режим енгізілмесе, жұмыс беруші қызметкеріне еліміздегі ең төмен жалақы – 42 мың 500 теңге төлеуі керек», – деді Еңбеу және халықты әлеуметтік қорғау министр Біржан Нұрымбетов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации