Елімізде коронавирустан жазылғандардың саны 45-ке жетті
06 сәуір, 14:45

Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Елімізде жазылғандар саны 45-ке жетті.
Алматы, NEGE. 5 сәуір сағат 22:05-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 584-ке жетті.
Айта кетейік, әлемде бір тәуліктің ішінде 82 061 адам коронавирус жұқтырған, ал 5798 адам қайтыс болған. Бұл туралы ДСҰ мәлімдеді.
Ұйымның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 1 133 758 адамға жеткен. Ал пандемиядан 62 747 адам көз жұмған. Ұйымның хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі Еуропада - 621 407 адам.