Елімізде көктем басталды

26 ақпан, 19:51

Фото: wikipedia.org

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде көктемгі процестердің басталуын күтуде, деп хабарлады хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Қыс аяқталып үлгермесе де, Қазақстанда көктем өз үстемдігін орнатып жатыр. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 5...12°С жоғары болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар жауады. Циклондар мен антициклондар бір-біріне тез ауысып, синоптиктер оларды бақылауға үлгермей отыр. Ал олардың тез ауысуы - көктемгі процестердің басталуының негізгі белгісі», - делінген сәрсенбіде таратылған 27-29 ақпанға арналған ауа райы болжамында.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы суық полярлық және арктикалық фронттар үлкен жылдамдықпен өтеді, оның артынан антициклон тарайды. Содан кейін батыс облыстарға Ресейдің еуропалық бөлігінен кезекті фронттар келеді.

«Сондықтан жаңбыр және жылбысқы қар жауады, артынша күн ашылып, күн райы тез өзгереді. Ауа температурасы өте жоғары», - деді синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации