Елімізде діни мерекелер тойланбайды

03 сәуір, 21:44

Фото: 24.kz

Бұл туралы бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, сәуір айында рухани құндылығы жоғары мейрамдар басталады. Алайда елдегі төтенше жағдайға байланысты діни бірлестіктер, мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуі керек. Жамағаттың айтшылап, ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналуына рұқсат жоқ. «Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған шаралар» – деді министр.

Айта кету керек, қасиетті рамазан айы 25 сәуірде басталады. Ал православтық пасха 19-ы, католиктік пасха 12 сәуірден басталады. Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі: "Сол үшін қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандығы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтауды сұраймыз" деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации