Елді жұқпалы аурулар меңдеп отыр

19 ақпан, 10:58

Фото: rehabnarko.ru

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті таратқан деректерге қарағанда, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны мыналар: жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы - 539228 жағдай, функционалдық диарея - 12382, тыныс органдарының туберкулезі - 8438, желшешек - 41841, тұмау - 2213, қышыма – 669, қызылша - 576 және көкжөтел - 147.

Алматы. NEGE. 2019 жылы Сібір жарасы ауруының 12 жағдайы тіркелді (2018 жылы - 2 жағдай). Өңірлерге шаққанда тіркелген ауруларға тоқталсақ, Қызылорда облысында функционалдық диарея (4450 жағдай), Нұр-Сұлтан қаласында тұмау (232 жағдай) және нақтыланған басқа да бактериялық ішек жұқпалары (1189 жағдай), Алматы облысында тыныс органдарының туберкулезі (889 жағдай) және мерез (412 жағдай), Шығыс Қазақстан облысында ротавирустық энтерит (187 жағдай), Маңғыстау облысында битшеңдік (243 жағдай) анықталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации