Екі мұғалімге жас қыздарды зорлады деген айып тағылды

18 қыркүйек, 15:10

Фото: zakon.kz

Алматы облысы Үштөбе қаласында екі дене шынықтыру пә​нінің мұғалімі 16 жастағы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы полицейлерге жәбірленушілердің ата-аналары хабарлаған. Қазір күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, дене тәрбиесінен сабақ беретін жігіттер дос-жаран. Оларға бойжеткендерді бір емес, бірнеше рет зорлады деген ауыр айып тағылып отыр. Зардап шегушілердің біреуі колледжде, ал екіншісі мектепте оқиды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации