Екі адамның өлімі: күдікті ұсталды

19 ақпан, 19:00

Фото: ғаламтордан

Шымкент қаласында екі адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Бір тәуліктен аз уақыт ішінде аса ауыр қылмысты жасаған күдікті 20 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Еңбекші аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті мен ер азаматтың арасындағы қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде туындағаны анықталды.Ұсталған күдікті азаматшаның қайтыс болуына қатыстылығы тағайындалған сараптамалардың қорытындысына сәйкес анықталады.

Аталған жайт Қылмыстық Кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации