«Думан» шудан арылмай қойды news video

18 ақпан, 16:11

Алматы іргесіндегі «Думан» ықшам ауданы Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында құрылса да, сол кездің өзінде танылып үлгерген. Алдыңғы толқын ағалардың айтуынша, Думан шағын ауданында күнде думан, оның арты айқай-шуға ұласып жататын. Сол шу ширек ғасыр өтсе де басылмай келеді. 

Алматы, NEGE. Шудың аты бір болғанмен заты – бөлек. Бұзақылық, әлімжеттік емес, әлеуметтік шу. Мәселені жайып салмас бұрын тақырыпқа неге тоқталғанымызды айталық. Думан 30 мың алматылыққа қоныс болған құтты мекен. Бірақ, бірнеше жылдан бері құтты мекеніне жете алмаған тұрғындардың құты қашып жүр. Жетсе де азаппен, қара балшықты илеп жетеді. Қазіргі таңда ықшамауданның жанып тұрған мәселесі – жол. 

Сөз басын «Алматы іргесіндегі» деп бастағанымыз тегін емес. Алматы – ең үлкен мегаполис. Алайда, оның ықшам аудандары неге қараусыз жатыр? 

Ел ішінде «Думаннан» үйі бардың, күйі бар» деген тәмсіл бар. Өйткені ауданда тұрғын үй бағасы тым қымбат. Көпқабатты үйдің бір бөлмелі пәтері шамамен – 18-20 млн теңге. Жер үйлер 25 млн теңгеден бастап 200 млн теңгеге дейін бағаланады. 

Қазір әлеуметтік желіде ықшам ауданды «ауыл» деп тегтеген біршама бейне мен фото тарап жатыр. Бірнеше күн бұрын сіркіреп жауған жаңбыр мен үстінен түскен қар адам тұрмақ көлік қозғалысын да шектеп қойған. Тіпті жедел жәрдем көлігі батып жатқан видео тарады. Бір емес бірнеше жедел жәрдем көлігі, бәлкім, ауыр науқасқа жете алмай тұрған шығар, кім білсін? Ертең қала әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп береді. естуімізше әкім қала маңындағы ауылдардың инрақұрылымының дамуына басымдық бермек. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации