Дуадан құтқарам деп зейнеткердің 2,5 млн теңгесінен қағып кеткен

16 қыркүйек, 09:56

Фото: inform.kz

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, саябақта келе жатқан қарт кісінің қасына орта жастағы әйел келіп, оны әңгімеге тартады...

Алматы, NEGE. Ол зейнеткерге қарғыс тигенін айтып: «Барлық пәле-жала ақша мен алтын бұйымдарда тұр. Тез арада тазалау рәсімін жүргізу керек», – дейді. Бұған сенген қарт уағдаласқандай келесі күні 2 100 000 теңге көлеміндегі ақша мен жүзік, сырға сынды бірнеше алтын бұйымды әкеліп, алаяқтың қолына ұстатқан. Жалған емші оның бәрін газетке орап, белгілі бір рәсім жасағандай кейіп танытады да: «Енді бұл газетті 3 күн бойы ашпаңыз» дейді.

«Осылайша 2,5 млн теңге мөлшерінде шығынға батқан жәбірленуші полицияға қоңырау шалды. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 1995 жылы туған күдіктіні және оның Павлодар қаласындағы 1986 жылғы сыбайласын қолға түсірді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации