ДСМ: тест тапсырған әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған

02 сәуір, 15:15

Фото: inbusiness.kz

 Отандық мамандар қауіпті індетті анықтау үшін 33 мың тесттің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24». Нәтижесінде әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған.

Алматы, NEGE. Мұндай мәліметпен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бөлісті. Әзірше дәрігерлер нақты диагноз қою үшін қолданыстағы сынамаларға иек артады. Алдағы уақытта елімізге экспресс-тестілер әкеледі екен. Жалпы осы коронавирусты қалай анықтайды, оған қарсы тойтарыс бере алатын иммунитет бар ма? Қазір елімізде вирусты анықтайтын арнайы тестілер бар. Бір қарағанда, кәнігі анализ алатын құрылғы дерсіз. Олай емес. Коронавирусқа қарсы сынаманы мұрын қуысы арқылы, жұтқыншақтан алады. Нәтиже 6 сағат көлемінде шығады. Ең тиімді жолы осы.

Әрі бұл әдісті әлем елдері қолданады. Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша штаб басшысының орынбасары Бауыржан Жүсіпов: "Қазіргі таңда бұл тест жүйесін алмастыратын нұсқа жоқ. Егер біз сынақтар туралы айтатын болсақ, олар ағзаға қарсы денелерді анықтайды. Олар тиісті нәтижені көрсету үшін ұзақ уақытты алады. Елімізге алдағы уақытта қан арқылы ауруды анықтайтын экспресс-тестілер жеткізіледі", - деді..

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай сынамаларды сатып алуға қалталы азаматтар жәрдемдескен. Алайда, дәрігерлер бұл құрылғылар «вирусты лезде анықтайды» дегенге күмән келтіреді. Себебі, басқа-басқа, коронавирусты 6 күннен ерте анықтау мүмкін емес. Сондықтан жедел сынамалар жеке зертханаларға беріледі екен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации