Доллар арзандады

13 қаңтар, 12:49

Фото: ғаламтордан

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 12 қаңтар кешімен салыстырғанда 1,28 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 419,03 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 420,03 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 420,31 теңге сатылса, ал сатып алу - 418,75 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 420,45 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 419,31 теңге.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации