Докторантураға құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

31 шілде, 18:02

Фото: google.com

Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді.

Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды.

Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации