«Diamond Princess» лайнеріндегі 4 қазақстандық вирустан аман

18 ақпан, 09:22

Фото: exclusive.kz

Жапониядағы Қазақстан елшілігі «Diamond Princess» лайнеріндегі отандастарымыздың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Кемеде екі әйел мен 12 және 8 жастағы екі бала бар.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәоімдеді.

«Отандастарымыздың жағдайы жақсы, алаңдауға негіз жоқ, өйткені олар коронавирус жұқтырмаған. Дегенмен, вирустың бар-жоғын анықтайтын тексерістен өтіп, талдау жасатты», деді ол.

Еске сала кетейік, кеме 5 ақпаннан бері карантинде тұр. Карантин 19 ақпанда аяқталуы керек. Одан кейін жолаушылар коронавирус белгілері болмаса, кемеден шығарылады. Жапония үкіметі лайнерден шыққан жолаушыларды жерге түскеннен кейін тағы бір мәрте тексеруді жоспарлап отыр. Дипломаттардың мәліметі бойынша, кеме бортында қазақстандық екі әйел мен 8 және 12 жасар екі бала бар. Олардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Жолаушылар ас-сумен және медициналық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации