Денсаулық сақтау саласына 28 трлн теңге жұмсалады

05 наурыз, 08:29

Фото: facebook.com

2025 жылға дейін денсаулық сақтау саласына 28 трлн теңге жұмсалады. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова айтып берді.

«2020-2025 жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға дейін денсаулық сақтау шығындарын ЖІӨ 5% дейін жеткізу қарастырылған. 2019 жылдан 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтаудың жалпы шығындары 28 трлн теңгені құрайды. Оның 13 трлн теңгесі немесе 47% мемлекеттік бюджеттен, МӘМС активтерінің шығысы – 3 трлн теңге немесе 11%, халықтың шығысы – 11,8 трлн теңге», – деді Б. Жақсылықова ҚР Парламенті Сенатында өткен жиналыста.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации