Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 19 наурыз, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, коронавируске қатысты эпидемиологиялық ахуалды баяндады.
Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 жағдай анықталған. Стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр», - делінген ресми хабарламада.
Сонымен бірге, Қытай Халық Республикасы мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жұмыстары жалғасуда. Барлық санаттар бойынша жалпы 2 885 адам бақылауға алынды, оның ішінде 262 адам 1 «а» санаты бойынша, 1766 адам – «б» санаты, 857 адам – екі санат бойынша бақылануда.
Бақылауға алынған 2 885 адамның ішінде 724 адам бақылаудан шығарылды. 19 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 161 адам бақылауда қалады. Сондай-ақ, 19 наурызда 157 адам дене қызуымен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауруханаға жатқызылды, олардың 47-сі 1 «Б» санатына жатқызылды; 2 санат бойынша – 53 адам; 3 санат бойынша – 57 адам.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, бұл науқастар алгоритмге сәйкес жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілді.