Денсаулық сақтау басқармасы: Стационарлық ауруханада 250 орын дайын

13 наурыз, 18:40

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев баспасөз маслихатын өткізді. 

Алматы. NEGE. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Денсаулық сақтау министрі Біртановтың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін бұл туралы министр Біртанов жария еткен болатын. Біреуі 9 наурыз күні келді. «Б» санатындағы елден келгені үшін карантинге жатқызылды. Екінші науқас түнде түсті. Қазіргі таңда 12 адамның бәрі оқшауланды. Қалада дезинфекциялау шарасы қатаң жүріп жатыр. Министр айтқандай, бұл вирус басқаша, белгісі байқалмайды. Қазір екі стационарлық ауруханада 250 орын дайын тұр. Бұл балалар инфекциялық ауруханасы және инфекциялық жұқпалы аурулар ауруханасы.Сондай-ақ 3 мың орын дайындалуда. 406 адам карантинде жатыр», -  деді Әбілдаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации