Демалыста ауа-райы қандай болады?
14 наурыз, 06:11

Синоптиктер 14-16 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды «Қазгидромет».
Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.
«Атлантикалық циклон Қазақстан территориясына кезекті жылу алып келеді. Онымен байланысты температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде найзағай күркірейді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман, көктайғақ болады», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.