Демалыста елімізде жылы болады

29 ақпан, 14:00

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Қазақстанның басым облысында демалыс күндері жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Қазақстанға қар, бұрқасын әкелген Арктикалық суық ағындарды антициклон алмастырады. Күнтізбе бойынша қыстың соңғы демалыс күндерінде және көктемнің бірінші күнінде республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болады, айналаның көрінуі нашарлататын тұман күтіледі», - делінген 29 ақпан – 2 наурызға арналған жұма күні таратылған ауа райы болжамында.

Ал батыс облыстарда кезекті ағындар көшіп келіп, мұнда бұлтты және жауын-шашынды ауа райы, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. «Қазақстанның барлық аймақтарында температура орташа көпжылдықтан жоғары болады», - деді синоптиктер.

#ауарайы
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации