ДДСҰ: Коронавирусты пандемия секілді сипаттауға болады

12 наурыз, 12:55

Фото: tsargrad.tv

Коронавирусты пандемия секілді сипаттауға болады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE.  «Біз #COVID19 вирусын пандемия секілді бағалауға болады деп бағалап отырмыз», - деді Гебрейесус сәрсенбі күні Женевадағы брифингте.

Оның ақпарынша, 114 елде тіркелген коронавирустен 118 мыңнан астам адам ауырған, оның ішінде науқастардың 90%-ы төрт елде болса, оның ішінде Қытай мен Оңтүстік Кореяда бұл індет барынша төмендеп келеді.

«81 ел ешқандай #COVID19 жағдайының болмағанын айтса, 57 елде 10 және одан да төмен жағдай тіркелген», - деп атап өтті ДДСҰ басшысы.

Пандемия – бұл өте ерекше қауіпті індет, ол елдің бүкіл аумағында, іргелес елдер аумағы мен кейде тіпті әлемнің көптеген елін шарпитын инфекциялық аурудың таралуы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 119 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,2 мыңнан астам.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации