Дәрігерлер де жұқтырып жатыр
01 сәуір, 17:09

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда дәрігерлердің COVID-19 жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы. NEGE. "Өкінішке қарай, бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды - Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда", - деді бас санитар дәрігер онлайн брифинг барысында.
Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда онкологиялық орталықта медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.