Дәрігерлер 965 млн теңге үстемақы алады

09 сәуір, 19:22

Фото: Yandex.com

Алматыда 500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкерлеріне үстемақы төленеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ. хабарлады.

Алматы. NEGE. Басқарма мәліметінше, барлығы 3557 медицина қызметкері 965 млн теңге сомасында төлем алады. Есептеулер 3 күрделі санат бойынша жүргізіледі екен.

Бірінші тәуекел тобына COVID-19 коронавирусы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатқызылған.

Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге берілетін үстемеақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда осы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының жиырма еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды, - делінген хабарламада.


Екінші тәуекел тобына провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмектің дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ тартылған жағдайда санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері жатқызылған.

Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда осы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтыны айтылады.

Ал үшінші тәуекел тобына карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, медициналық жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері кірген.

Сондай-ақ, зертханалардың мамандары, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері бар. Жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері, Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың және облыстардың қызметкерлері де осы санатта.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері де жатады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации