Дәрігерді неге сабаған?

05 сәуір, 10:47

Фото: 24.kz

 Алматыда медициналық көмек көрсетуге келген фельдшерді ұрған адам ұсталды.

Алматы, NEGE. Жедел жәрдем қызметіне «терезені сындырып, қолын кесіп алған мас адамға көмек керек» деген хабарлама келген. Оқиға орнына жеткен фельдшер Ақкент шағын ауданының 35 жастағы тұрғынының қолын қарап жатқанда ер адам ашуланып, оны бетінен ұрған. Бұзақы ҚР ӘқбК 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгін ауданаралық әкімшілік сот оны 5 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.

Қазір Түрксіб ауданы сотында осыған ұқсас іс қаралып жатыр. Мұнда да мас адам көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан. Басынан жарақат алған дәрігер ауруханаға жатқызылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации