Дәрігер коронавирустан қайтыс болса, оның отбасына 10 млн теңге беріледі

30 наурыз, 20:36

Фото: sputniknews.kz

Медициналық қызметкер ауырып қалса - арнайы әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге, ал қайтыс болған жағдайда - 10 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды. 

Алматы, NEGE. «Коронавирус өте қауіпті жұқпалы ауру болғандықтан медициналық қызметкерлер де жұқтыруы мүмкін. Осы мәселені қарастыра отырып, медициналық қызметкер ауырып қалса арнайы әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге, ал қайтыс болған жағдайда 10 млн теңге бөлінеді. Бұл шаралар өте маңызды, себебі дәрігерлеріміз күндіз-түні үйіне бармай, жұмыс істеуде. Бұл - Мемлекет басшысы тарапынан үлкен қолдау, сол себепті медициналық қызметкерлер атынан алғыс айтамын», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации